Жер учаскесін пайдалану медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекші аудандық сотында талапкер М.Л.-дан жауапкерлер А.Р. мен С.А.-дан жер учаскесіндегі өз үлесін пайдалану туралы талап арызына байланысты азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар медиация тәртібімен бітімгершілікке келіп, Шымкент қаласы, Владивосток көшесінде орналасқан үйдің 2-ші және 3 пәтерлерінің алдындағы жерді бітімгершілікпен бөліп, әркім өз үлесін бөліп пайдаланатындығын айтқан.

Сот бітімгершілік келісімінің талаптары заңға қайшы келмейтінін, сотта бекітілген жағдайлар барысында ешкімнің құқығы, бостандығы, заңды мүдделері бұзылмайтындығы ескеріліп, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 5-бөлігіне, 268-269 баптарын басшылыққа алып бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарым етті.

Ұйғарым заңды күшіне енген. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі