Жоғарғы Соттың жаңа пилоттық жобасы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазіргі таңда соттарда істі қарау барысында тараптарды «Медиация туралы» Заңды қолдану арқылы татуластыру институтының өзектілігі артып келеді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда республика соттарында дауласушы тараптарды медиация тәртібімен татуластыру арқылы аяқталған істердің көбейгені байқалады, ал тәжірибеде осы дауларды соттарға жүгінбей-ақ шешуге болатындығын кездестіруге болады.

Мемлекет басшысының республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын және Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың ақпан айында медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтудің кезекті қадамы болып табылатын жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны орындау мақсатында Түлкібас аудандық сотының ұйымдастырумен аудан әкімшілігінің ғимаратында ауылдық округ, елді мекен әкімдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шараға Түлкібас аудандық сотының төрағасы А.Сұлтанов, аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева, әкімшілік аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ, елді мекен әкімдері, әділет басқармасының өкілі Г.Медеуова, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Орынбаев, аудандық жеке сот орындаушылар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  өкілдері, жеке нотариустар,  ауданда орналасқан «Түрік», «Өзбек» және «Славян» мәдениет орталықтарының басшылары, кәсіби медиаторлар А.Асанова мен А.Тулесов, әр ауылдық округтен медиатор және Түлкібас аудандық «Шамшырақ», «Машат» қоғамдық–саяси газеттерінің тілшілері қатысты.

Кездесуді ашу кезінде Түлкібас аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов: «Таныстырып отырған пилоттық жоба мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу мен шығару және кондоминиумді басқару, қарыз шарттарға қатысты, кейбір еңбек даулары және т.б. санаттағы даулар (жанжалдар) бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізуді қамтиды», - деді.                                                                                                                                            Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың бұған дейін іске қосқан тараптарды сот медиациясы арқылы татуластыру институтын сот өндірісіне енгізу бойынша жобасы жаңа Азаматтық-процестік кодексте өз орнын алған, татуластыру рәсімдерін көбіне судья-медиаторлар жүргізуде. Дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталған жаңа пилоттық жоба бұл институттың дами түсуіне орасан зор ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретініне тоқталды.

Іс шараға қатысқандар жаңа жобаға қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, төраға олардың қойған сауалдарына жауап берді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі