Алимент төлемегені үшін жазаланған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық соты алимент төлеуден жалтарып жүрген азамат Е.Н.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сотта істі қарау барысында, құқық бұзушы Е.Н. Созақ аудандық сотының 26.10.2011 жылғы сот бұйрығы негізінде өндіріп алушы А.Н.-ның пайдасына алимент төлеуге міндетті болған. Құқық бұзушының 2015 жылдың қараша айынан бастап осы күнге дейін алимент төлеуден жалтарып жүруі себепті, осы мерзім аралығында оның алимент жөніндегі қарызы 1 914 896 теңгені құраған.

Құқық бұзушы Созақ аумақтық сот орындаушылар бөлімшесінің сот актісінің талаптарын орындау туралы бірнеше рет жасаған ескертулеріне қарамастан, алимент төлеуден қасақана жалтарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Созақ аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Е.Н. жоғарыда көрсетілген бап бойынша айыпты деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалған.   

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі