Арыс аудандық сотында 2016 жылы татуластыру рәсімдері қолданылған істер бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аудандық соттың 2017 жылдың  І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылы татуластыру рәсімдерін қолданып, аяқталған істерге талдау жасалынып, талдаудың нәтижесі бойынша медиаторлар мен адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесуде судья Г.Ерназарова баяндама жасап, статистикалық мәліметтерге тоқталды, ал медиаторлар тарапынан медиация жүргізу барысында кездесетін мәселелер мен ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға» тоқталып өтті.

Кездесу соңында іс-шараға қатысушылар пікір алмасып, туындаған сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар беріліп, татуластыру рәсімдерін халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын үнемі жүргізуді ұсынды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі