Ата-ана арасындағы дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық сотында талап қоюшы Қ.М.-ның жауапкер Т.Ш.-ға әке деп тану және баласы кәмелет жасына толғанша алимент өндіру  туралы   талап   қою   арызы   бойынша   қозғалған   азаматтық   іс медиация тәртібімен тоқтатылды.  

Сот ісін жүргізу барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу   туралы   келісімге келген.

Сот ұйғарымымен жауапкердің әкелігі танылып, талап қоюшының пайдасына қызын асырап-бағу үшін ол кәмелет жасына толғанша барлық айлық табысының  төрттен бір бөлігі мөлшеріндегі алимент төлеуге, ал талап қоюшы талап  қою  арызынан бас тарту  міндеттелген.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі