Аудандық сотта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының ғимаратында Асықата кенті әкімі аппараты өкілдерінің, Мақтаарал аудандық прокуратурасы  мен ішкі істер басқармасы қызметекерлірінің қатысуымен «100 Нақты қадам» Ұлттық Жоспарын жүзеге асыру мен сот органдарында электронды технологияларды қолдану мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық соттың төрағасы Н.Құламқадырұлы Елбасы Н.Назарбаевтің судьялардың VII съезінде соттардың алдына қойған негізгі мәселелерін дөңгелек үстелге қатысушылардың назарына аударып, «100 Нақты қадам» Ұлттық Жоспарды жүзеге асыру аясында сотта электронды іс құжаттарының айналымы жүйесінің жетілдірілгені жайлы айтып өтті.

Н.Құламқадырұлы «СМС», «Гибридтік пошта» арқылы процеске қатысушыларға сот хабарламаларын электронды жолдау, IT-технологиялық базасы негізінде сот талқылауылары аудио-бейне тіркеу және «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің мүмкіншіліктері жайлы түсіндіріп берді.

Іс-шара соңында төраға қатысушылармен пікір алмасып, қазіргі таңда соттар «100 Нақты қадам» Ұлттық Жоспарды жүзеге асыру аясында қойылған тапсырмаларды орындау үшін барлық құқықтық құралдар мен мүмікіншіліктерге ие болып отырғандығын айтып өтті.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі