Ауыр дене жарақатына әкеп соққан дауласу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат У.Атаханов спирт ішімдігін ішіп, мас күйде өзі жұмыс істейтін Мақтарал ауданы Атакент кентінде орналасқан наубайхана ішінде «алған нандарың үшін 750 теңгені кем бердің»-деп азаматша Г.Халмуратовамен жанжалдасып қалған. Ұрыс барысында ол үстел үстінде жатқан асханалық пышақты азаматша Г. Халмуратованың арқа тұсына сұғып алып, нәтижесінде жәбірленуші ауыр дене жарақатын алған.

Осы оқиға бойынша У.Атахановтың ісі сотта қаралып, ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің 103-бабының 1-бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген.

Мақтаарал ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі