Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бәйдібек аудандық сотында талап қоюшы У.М.-ның жауапкер Т.Д.-дан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша талап қоюшы  У.М. сотқа талап арыз жазып  жауапкер Т.Д.-дан  50 000 теңгені және сот шығынын өндіруді сұраған.      

Істі қарау барысында тараптар өзара келісімге келіп, жауапкер үш айдың ішінде талап қоюшыға қарыз ақшаны өз еркімен толық қайтаруға міндеттенді, ал талап қоюшы келісімнің талаптарымен келісіп, өзінің талабынан бас тартты.

Соттың ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі