Басқаның мүлкін ұрлап сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін азамат Ш.С.-ке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ш.С. «А.» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің материалдық жабдықтау бөлімінде 2010 жылдан бері жұмыс істеген.

 Ол өзінің қызметтік мүмкіндігін пайдаланып серіктестіктін  аса ірі көлемде, яғни 4 599 774 (төрт миллион бес жүз тоқсан тоғыз мың жеті жүз жетпіс төрт) теңге қаражатын жымқырған.

Істі қарау барысында сотталушы Ш.С.-ның кінәсы толық дәлелденіп, оған аталған соманы серіктестіктің пайдасына өндіруді міндеттеді және 7 (жеті) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі