Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық сотында талап қоюшы Э.Т.-ның жауапкер М.Қ.-дан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, талап қоюшы Э.Т. жауапкер М.Қ.-дан  49 000 теңге берешекті және сот шығынын өндіруді сұраған.

Азаматтық істі сотта қарауға әзірлік барысында сот тараптарға медиаторлардың тізімі мен істі медиация тәртібімен реттеу мүмкіншілігінің бар екені жөнінде хабарлама жіберіп, тараптардың медиатормен шарт жасасуына байланысты іс тоқтамға алынған. Әрі қарай, тараптардың істі медиация тәртібімен реттеу жөніндегі келісімге келулеріне байланысты, іс қайта басталып, сот ұйғарымымен келісім бекітілу арқылы іс жүргізу тоқтатылды.

Аталған азаматтық іс Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының Төрағасы бекіткен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба» аясында қаралды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі