Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық сотының ұйғарымымен тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот отырысында анықталғандай талап қоюшы К. сотқа талап қою арызын түсіріп, онда  жауапкер Г.-ны Кентау қаласының И.Панфилов көшесінде орналасқан үйлердің біріндегі пәтерінен еріксіз түрде шығаруды сұраған.

Істі сотта қарау барысында тараптардан кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі түскен.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі