Денсаулығына ауыр зиян келтірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазығұрт аудандық сотының үкімімен бұзақылық ниетпен адам өміріне қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген Қазығұрт ауылының тұрғыны Н.А. 4 жыл бас бостандығынан айыруға шартты сотталды.

Іс құжаттары бойынша,   сотталушы Н.А көшеде өз сыныптастарымен жолығып қалып, бірге үйлеріне қайтып келе жатқан. Жолай олар Қазығұрт елді-мекені Қонаев көшесінің бойында орналасқан «Жан» дүкеніне кіріп, одан шыға берген кезде осы елді мекеннің тұрғыны, 1965 жылы туылған Б.М. деген азаматпен ерегісіп қалған. Болмашы нәрседен басталған ерегісудің соңы сотталушының  бұзақылық ниетпен адам өміріне қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, өзімен бірге алып жүрген ашылып жабылмалы сувенирлік пышағымен М.Б.-нің оң жақ бауыр тұсынан бір рет сұғып, оны бауырынан жарақаттауына алып келген. Осыдан кейін сотталушы оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сот-дәрігерлік сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші М.Б.-нің оң жақ қолтық астынан салынған жарақат өмірге қауіпті екендігі дәлелденіп, денсаулыққа «Ауыр» дәрежелі зиян келтірілген деп бағаланған.

Сот сотталушы Н.А.-ға  жаза белгiлегенде, оның жасаған қылмыстарын толық мойындап, шын жүректен өкiнiш бiлдiргені, жәбірленушіге келтірген материалдық және моральдық залалдарды толық көлемде қайтарғандығы және қазіргі таңда жәбірленуші оған кешірім бергендігі - оның жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн мән-жайлар деп санап, ал жауапкершілікті ауырлататын мән жайлар жоқ екенін ескере келе, сотталушы А.Н.-ны ҚР ҚК-нің 103-бабы 2-бөлігінің «ж» тармағымен айыпты деп танып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыруға шартты жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген.

Қазығұрт аудандық сотының баспасөз қызметі