Емдеуді қажет ететін алкоголизммен ауыратын науқас наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық сотында арызданушы Созақ аудандық орталық ауруханасының алкоголизммен ауыратын науқас Т.Ш.-ны наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында іс құжаттарына тіркелген сарапшының қорытындысына сәйкес, 1977 жылы туылған Т.Ш.-ның алкоголизмнің ІІ сатысымен ауыратыны және оны наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберудің қажет еекені анықталған.

Соттың шешімімен Т.Ш-ны 1 жыл мерзімге наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы арыз қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі