Ерлі-зайыптылар отбасын сақтау туралы келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сайрам аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен бекітті.

Сотта анықталғандай, тараптар 1994 жылдан бастап ресми некеде тұрып кәмелеттік жасқа  толмаған баланы тәрбиелеуде. Ағымдағы жылдың ақпан айында болған отбасындағы жанжалдың салдарынан  талапкер некені бұзуға өтініш беріп, одан әрі бірлесіп өмір сүру және отбасын сақтау мүмкін емес деп санайды.

Сот отырысында, тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігі түсіндіріліп, ерлі-зайыптылар кәсіпқой емес медиатордың қызметіне жүгінді.

Медиация рәсімнің нәтижесінде ерлі-зайыптылар татуласып, отбасын сақтап қалуға шешім қабылдады.

Сот Қазақстан Республикасының АПК-нің зерделеп келісім нормаларын басшылыққа ала отырып, тараптардың татуласуына байланысты азаматтық істі медиация тәртібімен тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі