Қарыз ақша өндіру жайлы азаматтық іс партисипативтік келісіммен аяқтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекші аудандық сотында қорғаушылардың қатысуымен талапкер О.Ш.-ның жауапкер С.Е.-ден қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотқа ұсынылған партисипативтік келісім бойынша жауапкер С.Е. талапкерге қарыз 100 000 теңгені 2017 жылдың 4 сәуіріне төлеуді мойнына алды, ал талапкер жауапкерден міндеттемені уақтылы орындамағаны үшін төленетін 227 000 теңгені өндіруден бас тартып, олар соттан партисипативтік келісімді бекітуді сұрады.

Еңбекші аудандық сотының ұйғарымымен келісім заң талаптарына сәйкес және ешкімнің құқығына нұқсан келтірмей жасалғандықтан партисипативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі