Қарыз ақшаны өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер «А.А.» ЖШС жауапкер «К.» МҚК-нан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның талаптары бойынша талап қоюшы талаптан бас тартатыны, ал жауапкер талап қоюшыға 6 021 244 теңге берешекті 2017 жылғы  сәуір айының соңына дейін өтеуге міндеттенетіні көрсетілген.

Сот тараптармен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ҚР «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талаптарына сай келетінін, заңға қайшы келмейтінін, екі тараптың мүддесінде жасалғанын және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, медиативтік келісімді бекітті.

Тараптар бітімгершілікке келуіне байланысты талапкер төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі