Қазығұрт аудандық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазығұрт аудандық сотында «Сот аткілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына аудандық соттың төрағасы Қ.Қоңырбаев, аудан прокуроры О.Марин, Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының өкілі Д.Кулимов, аудандық әділет басқармасының өкілі Е.Абдрасилов, аудандық ішкі істер басқармасының өкілдері Б.Нұран және Н.Сатыбалдиев, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі Ж.Кененбаева, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Т.Пинжебаева, жеке сот орындаушылар А.Бекмырзаев, К.Жанысбаев, С.Қалымбетов, Б.Алтынбеков қатысты.

Жиында сөз сөйлеген аудандық соттың төрағасы Қ.Қоңырбаев бүгінгі таңда әкімшілік істерге қатысты шығарылған сот актілері бойынша айыппұл төлеу тиісінше орындалмай отырғананын атап өтті. Бұл  сот актілерінің орындалу деңгейінің төмен дәрежеде екенін көрсетеді. Ол өз кезегінде едәуір қаражаттың бюджетке түсуіне кедергі келтіріп қоймай, сот жүйесінің имиджіне де кері әсерін тигізетінін айтты.

Сондай-ақ, сот шығарған үкімдерді, шешімдерді және қаулыларды орындау -  қоғамның  соттардың қызметін және мемлекетті қорғау деңгейін бағалау критерийлерінің бірі болып табылады.

Сот төрағасы  іс-шараның соңында сот орындаушыларына халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алуды ұсынып және сот актілерін орындауға күш салуға шақырды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі