Колледж студентерімен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының және Түлкібас аудандық сотының ұйымдастырумен Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің ғимаратында мұғалімдермен және студенттермен кездесу өткізілді.

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Төлепбергенов, Түлкібас аудандық сотының төрағасы А.Сұлтанов, Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Н.Есенбеков, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің директоры С. Адилбеков, ауданда орналасқан жалпы орта мектептердің директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, колледж мұғалімдері мен студенттері, Түлкібас ауданы бойынша жеке нотариустар, медиаторлар М.Жұмаділов, А.Тулесов және Түлкібас аудандық «Шамшырақ», «Машат» қоғамдық-саяси газеттерінің тілшілері қатысты.

Кездесуді Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің директоры С.Адилбеков ашып, кездесуді ұйымдастырған соттардың ұжымдарына ризашығын білдірді.

Сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Төлепбергенов студентер мен жасөспірімдердің арасында болатын құқық бұзышылықтардың салдары болашақта өздерінің келешегіне немесе олардың жақын туған туыстарына және өзінің келешек ұрпақтарына едәуір әсер ететінін түсіндіріп, бала тәрбиесіне бірінші болып ата-ана, мұғалімдер және қоғамның барлық өкілдері жеке көңіл бөлу керектігін атап, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Түлкібас аудандық сотының төрағасы А.Сұлтанов өз сөзінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасымен ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын, бұл пилоттық жоба дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталғанын, жаңа пилоттық жоба медиация институттың дамуына орасан зор ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретіндігін түсіндірді.

Іс шараға қатысқандар жаңа жобаға қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі