Контробандалық мүліктің ақшасы мемлекет пайдасына өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекші аудандық сотында талапкер Еңбекші аудандық  прокуратурасының ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіндегі иесіз мүліктің ақшасын мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызы негізінде азаматтық іс қаралды.

2012 жылдың 3 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысының «Б.Конысбаев» Кедендік бекетін шұғыл тексеру барысында «VOLVO» маркалы автокөлігі күдікті ретінде тоқтатылып, жолдама құжатта көрсетілмеген балалар, ересектер киімі, төсек жабдықтары, кілемдер  жалпы салмағы 13 394 кг заттар тәркіленген.

Тергеушінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы қылмыстық іс қозғау жөнінде қаулысы негізінде 2015 жылдың 15 қазанындағы Еңбекші аудандық сотының тергеу судьясы бұл заттарды сату жөнінде қаулы шығарған. 

Алайда, бұл контрабандалық заттардың кімге тиесілі екені белгісіз болуына байланысты  2016 жылдың 11 қарашасында аукционға шығарылып 12 768 000 теңгеге сатылған.

Сот, талапкер Еңбекші аудандық  прокуратурасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментіндегі иесіз мүліктің ақшасын мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызын қанағаттандырды.

Еңбекші аудандық сотының шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінің депозиттік шотындағы 12 768 000  теңгені мемлекет пайдасына өндірілді. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі