Мал ұрлағандар жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабы 2-бөлігінің «а,б,в» тармақтарымен Н.Б., Е.Ө.-ге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 2-бөлігінің «а,б» тармақтарымен С.Қ., Н.Ү., Д.Б. және С.О. деген азаматтарға қатысты қатысты қылмыстық іс қаралды.

Cотта анықталғаны, 2012 жылдың қазан айы мен 2013 жылдың қыркүйек айы аралығында бұл азаматтар адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша бөтеннің мүлкін жасырын түрде тұрғын үй-жайға, қоймаға заңсыз кіру арқылы Бәйдібек ауданы Шақпақ, Боралдай ауылы тұрғындарына тиесілі жалпы он жеті бас ірі қара малды ұрлап, жәбірленушілерге жалпы мөлшері 2 940 000 теңге материалдық залал келтірген.

Сотталушылар С.Қ., Н.Ү., Д.Б. және С.О.-лар жәбірленушілермен татуласып, келтірген залалдың есесін толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық істің осы сотталушыларға қатысты бөлігі өндірістен қысқартылды.

Ал, сот үкімімен Н.Б. мен Е.Ө. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабы 2-бөлігінің «а,б,в» тармақтарымен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жыл сынақ мерзімі белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген.

                            Бәйдібек аудандық сотының баспасөз қызметі