Мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне қайырымдылық көмегі көрсетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылғы 12 сәуірде ОҚО Төлеби аудандық соты  қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Сот төрағасы Б.Кәрімнің бастамасымен ұйымдастырылған іс-шара шеңберінде аудандық сот ұжымы Төлеби ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жетім балалар тәрбиеленіп жатқан «Мүгедек балалар үйіне» қайырымдылық көмек көрсетті.

Сот қызметкерлері балаларға киім-кешектер, тұрмыстық техникалар және мектепке қажетті заттар мен ойыншықтар сыйлады. Өз кезегінде, балалар да өздерінің өмірге және өнерге деген қызығушылықтарын көрсетіп, космонавтика күніне дайындаған концерт қойды.

Концерттік бағдарлама барысында жеткіншектердің әсерлі әндері мен билері және театрландырылған нөмірлері көрермендердің көңлінен шықты.

Сонымен қатар, іс-шарада сот қызметкерлері балалардың тұрмыстық жағдайларымен танысып, олардың жақсы жетіліп, дамулары үшін арнайы  құралдармен жабдықталған бөлмелер мен сыныптарды аралады. Олар тігіншілік, аяқ киім ұстасы және ағаш ұстасы мамандықтарына оқытатын және моториканы дамытуға арналған «Монтессори» сыныптарымен танысты.

Сот төрағасы ұжым атынан балаларға зор денсаулық тілей отырып, алдағы уақытта мұндай қайырымдылық іс-шаралары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі