ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында: «Корпоративтік даулар бойынша туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстелдің жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы мен судьялары, Шымкент қаласы әкімдігінің, облыстық Мемлекеттік кірістер басқармасының, Әділет департаментінің, Адвокаттар алқасының және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Өндірістік коперативтер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдары, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 10.07.2008 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» №2 Нормативтік қаулысы және корпоративтік даулардың ерекшеліктері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға толыққанды жауаптар берілді.

Күн тәртібінде талқыланған мәселелер мен ұсынымдар келешекте сот жүйесінің дамуына үлесін қосады деп күтіледі.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі