ОҚО соттарында жоғары оқу орындары студенттеріне «Ашық есік күндері» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қоғамды құқықтық жағынын тәрбиелеу туралы судьялардың VII съезінде берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының соттары жоғары оқу орындарында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған айлық өткізілуде.

Айлықтың іс-шара жоспарына сәйкес, бүгін облыстық, Түркістан қалалық, және Мақтаарал аудандық соттарында заңгер мамандығы бойынша білім беретін жоғары оқу орындарының оқытушыларына, магистранттарына және студенттеріне, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне соңғы жылдарда сот жүйесінің жұмысына енгізілген заманауи технологияларды таныстыруға арналған «Ашық есік күндері» өткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында өткізілген іс-шарада Академиялық иновациялық Университетінің «құқықтану» кафедрасының оқытушылары, магистранттары және студенттері сотта қолданылатын ақпараттық технологиялардың мүмкіншіліктерімен танысты.

ОҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Н.Уразгалиева кіріспе сөзінде Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміздің сот жүйесінің де өз дамуында биік белеске көтеріліп, өркениетті елдер дәрежесіне көтерілу мақсатында жүйелі түрде реформалар жүргізілгенін, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген тапсырмалардың сот жүйесіне қатысты 11 қадамының қазіргі таңда толықтай орындалғанын атап өтті.

ОҚО сотының судьясы В.Мирошников пен Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенби қонақтарға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» сервисінде іске қосқан соттар мен судьялар қызметін сыртқы бағалау жөніндегі пилоттық жоба (сауалнама) туралы, Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы А.Мұсаев сот жүйесінің жұмысына енгізілген заманауи технологиялар жайлы, ал Талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Ғ.Қадырбаев «Сот кабинеті» сервисінің жұмысы туралы жан-жақты айтып берді.

Осыдан кейін кездесуге қатысушылардың назарына сот жүйесіндегі ІТ-технологиялар туралы бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.

Іс-шара соңында қонақтарға облыстық сот ғимаратында жұмыс істеп тұрған медиаторлар кабинеті, кітапхана, мұражай, сот отырысы залдары және толықтай жаңа технологияларды қолданумен жұмыс атқарып отырған кеңсенің жұмысы таныстырылды.

 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі