ОҚО сотында жекеше айыптау бойынша қылмыстық іс жүргізудің проблемалық тұстары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Жекеше айыптау бойынша қылмыстық іс жүргізудің проблемалық тұстары» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы З.Пірнияз, облыстық соттың судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен осы санаттағы істерді қарайтын судьялары, судьялыққа үміткерлер, облыстық прокуратураның, Абай, Қаратау, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарының ішкі істер бөлімдерінің, адвокаттар алқасының, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметінің өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дөңгелек үстел мәжілісін алқа төрағасы З.Пірнияз ашып, қатысушылардың назарын жиында талқыланатын мәселелердің өзектілігіне аударды.

Іс-шара барысында қатысушылар облыстық соттың судьясы Т.Оңғарбаевтың жеке айыптау бойынша қылмыстық іс жүргізудің проблемалық тұстары туралы, Ордабасы аудандық сотының судьясы С.Қойтекееваның ҚР Жоғарғы Сотының «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №13 Нормативтік қаулысын практикада қолдану барысында туындайтын мәселелер төңірегіндегі баяндамаларын тыңдап, ондағы айтылған мәселерге қатысты өз ойларын ортаға салды.

Осыдан кейін «Қылмыстық қудалау органдарына түскен жекеше айыптау   тәртібімен берілген шағымдарды қарап, сотқа жолдаудағы проблемалық мәселелер» тақырыбында Шымкент қаласы Әл-Фараби ПБ-нің әкімшілік полиция қызметінің басшысы Е.Ниязов, «Жекеше айыптау істерінің сот тәжірибесі» тақырыбында Төлеби аудандық сотының судьясы Н.Жорабеков және «Қылмыстық қудалау органдарынан жеке айыптау  тәртібімен түскен іс-құжаттарын бірінші сатылы сотта қараудағы кездесетін кемшіліктер» тақырыбында Қаратау аудандық сотының судьясы Ж.Мүсірәлі баяндама жасады.

Өзара пікір алмасудан соң қатысушылар күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты ой бөлісті.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі