Оңтүстік Қазақстан облысының соттары 2017 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында 2017 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылауға арналған мәжіліс өтті. Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов, алқа төрағалары мен судьялары және ОҚО бойынша соттар әкімшісінің басшылығы, бөлім басшылары, аудандық соттардың төрағалары мен кеңсе меңгерушілері және Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.

Жиын Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №458 Жарлығымен жаңадан тағайындалған Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы П.Сафарбаеваның, Сайрам аудандық сотының судьясы Д.Тойжанованың, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Ниязбектің, Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ж.Кенжебаеваның салтанатты ант беру рәсімінен басталды.

Осыдан кейін мәжілістің күн тәртібіне сәйкес 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы істерді қараудағы заңдылықтың сақталуы және соттардың жұмысын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Іс-шарада облыстық соттың алқа төрағалары З.Пірнияз, Т.Бекімбетов қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөнінде баяндамалар жасады.

Облыс соттарында 2017 жылдың 3 айында 1061 қылмыстық іс қаралған, ал 2016 жылы бірінші тоқсанда 1296 қылмыстық іс (235-ке аз)  қараумен аяқталған. 2017 жылы 3 айда 536 іс бойынша үкім шығарылған, ал өткен жылғы салыстырмалы кезеңде бұл көрсеткіш 752-ні құраған (176-ға аз).

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 25 тұлғаға қатысты ақтау үкімдері шығарылған болса, бұл көрсеткіш 2016 жылы 3 айда 23-ті құраған.

2017 жылдың 3 айында облыс соттарында барлық аяқталған азаматтық істердің саны ‒ 15449 істі құраған. Өткен жылғы салыстырмалы кезеңде бұл көрсеткіш ‒ 14537 болған.

3 айда дыбыс-бейне жазбасы құрылғыларымен қаралған істер саны ‒ 5161. 2016 жылғы 3 айда 2184 дыбыс-бейне жазбасы құрылғыларымен қаралған (3577-ге артқан).

Есепті кезеңде әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің саны азайған. Облыс соттарына биылғы 3 айда барлығы 4571 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс түскен, ал 2016 жылы 3 айда ‒ 6306 іс болған. Олардың 4515-і (2016 ж. 3 айда ‒ 6158) қаралып, 4258 (2016ж. 3 айда ‒ 6152) іс бойынша қаулы шығарылған.             

ҚР «Медиация туралы» заңын қолдану арқылы облыс бойынша 439 азаматтық іс, 66 әкімшілік іс және 139 қылмыстық іс аяқталған.

Сонымен қатар, кеңесте Судья әдебі жөніндегі комиссияның жұмыс қорытындысы және облыс судьяларының іс-әрекеттеріне қатысты шағымдарды қараудың нәтижелері туралы, сонымен қатар ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімдері басшыларының есептері тыңдалды.

Кеңейтілген кеңестің жұмысын қорытындылай келе Н.Шәріпов облыс судьяларына сот төрелігін іске асырудың сапасын жақсарта түсуді, судья әдебінің нормаларын қатаң сақтап, жемқорлыққа жол бермеуді тапсырды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі