Отбасылық жанжал медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал аудандық сотында құқық бұзушы С.С.-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттарына қарағанда, құқық бұзушы С.С. 09.03.2017 жылы Жетісай қаласындағы өз үйінде анасы М.Е.-ге былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер  көрсеткен.

Сот отырысы барысында, құқық бұзушы С.С.-нің кінәсі толығымен дәлелденіп, 27.03.2017 жылғы сот қаулысымен құқық бұзушының жәбірленушімен бітімгершілік келісімге келуіне байланысты ол әкімшілік жауаптылықтан босатылып, әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі