Түркістан соттары жаңа ғимаратқа көшті
Түркістан облыстық, қалалық және қаланың мамандандырылған барлық 8 соты Сот әкімшілігі құрылысын аяқтап, пайдалануға берген жаңа ғимаратқа көшті.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан мен Қырғызстан Жоғарғы соттарының төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Замирбек Базарбеков, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, облыс тұрғындары қатысты.