Пилоттық жоба бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Мақтаарал «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы аудандық филиалының ғимаратында Мақтаарал ауданының №2 аудандық соты «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» Ережені таныстырды.

Аталған іс-шараға аудандық мәслихаттың хатшысы М.Жайлымшиев, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, кәсіби медиатор Қ.Хаметов, кәсіпқой емес медиатор А.Лазарева, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі В.Самохвалов, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жында аудандық сот судьялары Г.Қалдыбекова «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттері», А.Ниязбеков «Медиация институты дауды шешудің тиімді тетігі» тақырыптарында баяндамалар жасап, кәсіби медиатор Қ.Хаметов медиация рәсімі мен оны жүргізу тәртібін түсіндіріп, дау-жанжалдарды шешудегі медиаторлардың рөлінің маңыздылығы жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында сот төрағасы Ж.Мақұлбаев қатысушыларға Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіріп, Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және жаңадан қабылданған Судьялық әдеп кодексі туралы хабардар етті.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі