Пилоттық жоба сәтті іске асырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің 24.08.2009 жылғы №858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының» 2.7. тармағының 6) тармақшасында азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралар жеке-құқықтық жанжалдар тараптары арасындағы бітімге қол жеткізудің сот тәртібімен, сондай-ақ соттан тыс тәртіптегі түрлі жолдары мен тәсілдерін, оның ішінде істі сот талқылауына дайындаған кезде келісушілік рәсімдері шараларын пайдалану мүмкіндігін талқылаудың міндеттілігін бекітуге, сондай-ақ азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарын дамытуға (медиация, делдалдық және басқалары) бағытталуы мүмкін екендігі көрсетілді.

Осыған байланысты, 28.01.2011 жылы «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бұл Заң бойынша егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

Қазіргі уақытта сотта істерді қарау кезінде татуластыру рәсімдерін, соның ішінде медиацияны кеңінен қолдану заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Медиация институты азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оны қалпына келтірудің тиімді тетігі, сондай-ақ қоғамдағы жанжалдарды дер кезінде шешудің баламалы тәсілі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің 26.01.2017 жылғы №6001-17-7-4/16 Өкімімен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже» бекітілді. Аталған Ереже АПК-не және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және оның мақсаттарын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

Пилоттық жобаның міндеттері:

1)    татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту;

2)    азаматтардың сот шығындарын барынша азайту;

3)    халықтың дауды (жанжалды) соттан тыс реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады.

Медиацияның басымдықтары мынада:

-келіссөздер процесін жүргізу үшін жағдай жасау арқылы даулы қарым-қатынастарға тартылған тараптардың мүдделерін ескере отырып, медиатор-дың қатысуымен дауды (жанжалды) реттеу мақсатында бұзылған құқықта-рын қалпына келтіруді жеделдету;

-АПК-нің 169-бабының 2-бөлігінің талаптарына сәйкес бір істің аясында бір мезгілде талап қоюдың нысанасы мен негіздемелерін реттеу үшін тарап-тардың барлық өзара талаптарын өзгерту мүмкіндігі;

-«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 548-бабының талапта-рына сәйкес, сотқа талап қою арызын берген кезде төленетін мемлекеттік бажды толық көлемде қайтару.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың І-тоқсанында сотта 8 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралған, оның ішінде 4 іс пилоттық жобаның аясында қаралып, іс бойынша іс жүргізулер тоқтатылған.

Медиацияны қолдану мәселесі соттың үнемі бақылауында және алдағы уақытта да өзінің нәтижелі жалғасын табатын болады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі