Рухани залал келтіргені үшін моральдық залал өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазығұрт аудандық сотында талапкер Д.К.-ге жауапкер Б.Ш.-ның моральдық залал келтіргені туралы азаматтық іс қаралды. Талап арызда талапкер жауапкердің өзін ұрып-соғып, «жеңіл» дәрежедегі дене жарақатын салып, рухани залал келтіргені үшін 200 000 теңге өндіріп беруді сұраған. Істі сотта қарау барысында жауапкердің кінәсі дәлелденген. 

Қазығұрт аудандық сотының шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талапкердің пайдасына 50 000 теңге моральдық залал өндірілген.

 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі