Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Ардагерлер ұйымымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш аудандық сотының төрағасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесіп,  Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің Заңына» енгізілген өзгерістер туралы, «Медиация туралы» Заңының қолдануы туралы тақырыптарда лекция оқыды.

2017 жылдың 10 наурызында «Қазақстан Республикасының Конституциясына» енгізілген өзгерістер туралы, 2017 жылдың 13 наурызында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, аудандық соттың төрағасы медиацияның өзектілігі мен тиімділігі, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы және аудандық сотта медиация туралы заңды іске асырудың деңгейі туралы, отбасылық даулар сотта қаралған жастардың ажырасу мәселесі мен жекеше айыптау шағымдары бойынша, жастар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау шаралары туралы кеңінен баяндама жасады.

Лекция барысында «Медиация туралы» Заңы талаптары толығымен түсіндіріліп, кеңінен талқыланды. Жиналысқа қатысушылар медиацияның қолданылу саласы, мақсаты, медиаторлардың қызметіне қойылатын талаптар мен атқаратын қызметі жайында және медиацияны қолдану кезінде туындаған сұрақтарына сот төрағасы Т.Машраповтың тарапынан толыққанды жауаптар алды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі