Сайрам аудандық сотында кезекті ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сайрам аудандық сотында кезекті Ашық есік күні өтті.

Оған Қарабұлақ, Манкент және Қарасу ауылдарында орналасқан жалпы орта мектебтің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, аудандық сотта қаралып жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің жүргізілу тәртібімен танысты.

Жыл басынан бері Сайрам аудандық сотында ашық есік күні өткізу дәстүрге айналған. Аудандық соттың төрағасы Б.Тыныбековтың өкімі бойынша әр айдың соңғы жұма күні «Ашық есік күні» болып белгіленген, ол жөнінде аудандық үш тілде (мемлекеттік, орыс және өзбек) шығатын газет беттерінде 10 күн бұрын хабарландыру берілді.  

Мұндай іс-шараны өткізудің мақсаты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сот жүйесінің ашықтығына қол жеткізу үшін халықтың құқықтық мәдениетіне қол жеткізу болып табылады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі