Шетелдіктің Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматы С.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен айыпты деп танылып, ол осы баппен 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынған.

Істі сот мәжілісінде қарау барысында С.А. Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, 12.11.2016 жылы Қазақстан Республикасына келіп, заңда көзделген мерзімнен астам уақыт бойы ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталған.

Сотта түсінік берген құқық бұзушы С.А. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі