Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Е.Бектұрғановтың ұйымдастыруымен Жоғарғы Сот Төрағасының бұрыштамасына сәйкес 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап іске қосылған жол-көлік оқиғалары нәтижесінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында сақтандыру компанияларының филиалдарына судьялардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен бекітілген электрондық түрдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсынуды қарастыратын пилоттық жобасын орындау мақсатында  дөңгелек үстел өткізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылардың заңды күшіне енгені туралы белгі қойылған сот шешімін сақтандыру компанияларға беру үшін сотқа қайта жүгіну қажеттілігін жояды.

Дөңгелек үстелге АО «Казахинстрах», АО «СК Аmanat», АО «СК «Казахмыс», АО «Страховая компания Салем», «Нефтяная страховая компания», АО «СК «Kompetenz»,  СК «Лондон-Алматы», АО «Нурбанк», АО «Казахинстрах», АО «СК Аmanat», АО «Страховая компания Салем» АО «Кaspi-страхование»,  АО «СК Сентрас Иншуранс», АО «СК Коммеск-өмір», АО «Страховая компания «Цесна Гарант» сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде әкімшілік полиция органдары өкілдеріне жол-көлік оқиғасы бойынша, атап айтқанда Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабымен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларда сақтандыру полисінің нөмірі мен сақтандыру компаниясының атауын көрсету, сонымен қатар, іс материалдарына аталған құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеу тапсырылды.

Сонымен қатар, сот төрағасы судьяларға СО «Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі «қол қоюды күтуде» журналына қайта қол қойып, қол қойылғаннан кейін ол «заңды күшіне енді» деген белгімен электрондық нысанда тиісті сақтандыру компаниясына жолдауы қажет екені айтылды. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі