«Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бәйдібек аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы А.Бекназаров, кеңсе меңгерушісі Г.Мұратқызы, аудан прокурорының көмекшісі А.Тілеужанқызы, пробация бөлімінің басшысы Е.Қойшыбаев, әділет басқармасының басшысы Қ.Көмекбаев, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы С. Байсейтов, жеке сот орындаушы Е. Байсариев және БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы А.Бекназаров өз баяндамасында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша орындауға жіберілген сот актілерінің саны, уақытылы орындалуы туралы деректерді сотқа жіберу жөніндегі мәліметтерді келтірді. Сонымен қатар, орындауға жіберілген сот актілері бойынша салыстыру жүргізуге және орындалуы жөніндегі деректерді беру қажет екендігіне сот орындаушылардың назарын аударып, сот актілерінің орындалуы, қоғаммен соттардың қызметін бағалау критерийлерінің бірі болып табылатынына  және кәсіби деңгейін арттыратына тоқталып өтті.

Іс-шара барысында, мемлекеттік бажды, айыппұлдарды, сот шығындарын өндіру, мемлекеттің кірісіне мүлікті тәркілеу бөлігінде сот актілерін орындау кезінде туындайтын күрделі мәселелер талқыланды.

Шара соңында, сот орындаушыларға тұрғындармен сот актілерін орындау жұмысын жандандырып, тиісті түсіндіру  шараларын қолдану қажеттілігі тапсырылды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі