Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамақ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен азамат М.Б. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

 

Құқық бұзушы М.Б. Қазығұрт аудандық сотының 08.10.2010 жылғы сот бұйрығына сәйкес талап қоюшы К.Ж. пайдасына барлық табыс көздерінен 1/3 мөлшерінде алимент төлеуге міндеттенген.

Алайда, құқық бұзушы М.Б. балдарына алимент төлеуден жалтарып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669 бабында көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни сот бұйрығының талаптарын орындаудан жалтарған.

Сот мәжілісінде М.Б. кінәсін мойындап, алимент төлеуге қарсы емес екенін, алдағы уақытта уақытылы төлейтінін айтып, түсініктемесін берді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы М.Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 (бір) тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі