Сот дауды медиация тәртібімен шешу туралы шешімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында талапкер Т.-ның жауапкер И.-дан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық іс қаралды.

Талапкер Т. жауапкер И.-дің 2014 жылдың тамыз айында өзінен қарыз ақша алғанын және осы қарыз ақшаны 2015 жылдың тамыз айына дейін қайтаруға міндеттенгенін, алайда, осы күнге дейін жауапкер өз міндеттерін уақытылы орындамағанын көрсетіп, жауапкер И.-ден 1 500 000 теңге ақшаны өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Істі сотта алдын-ала талқылау барысында тараптар бітімгершілікке келіп, талапкер өзінің талап арызынан бас тартқан, ал жауапкер 2017 жылғы 20 маусымға дейін қарыз сомасын толықтай қайтаруға міндеттенген.

Әл-Фараби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасынан талапкер Т.-ға төлеген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келуіне байланысты іс жүргізу қысқартылды.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьялары Азаматтық істерді қарау барысында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені тұрақты түрде басшылыққа алып келеді.

Источник: 
Пресс служба Южно-Казахстанского областного суда