Сот кабинеті арқылы әкімшілік істерді сотқа жолдау тәртібі түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 6.04.2017 жылдың 6 сәуірінде   сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалар үшін «Сот кабинеті»  ақпараттық жүйесі арқылы әкімшілік істерді электрондық түрде жолдау туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге соттың судьялары, ОҚО сотының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы, ОҚО сотының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан Облысының Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Еңбекші, Әл-Фараби, Абай, Қаратау полиция бөлімдерінің  және ОҚО бойынша сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.

ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Тұрғымбеков ЭЦҚ жүйесі арқылы ХҚКО-да тіркеліп, әкімшілік істер мен арыздарды «Сот кабинеті» арқылы сотқа жолдау тәртібіне тоқталып  өтті.

Сот қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік істерді жолдау және оны қарау жолдарын оңайлату мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі