Сот мамандарына арналған семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Электрондық үлгідегі сот актілерін, атқару құжаттарын орындауға жолдау» тақырыбында сот мамандарына арналған семинар-сабағы өтті.

Кеңсе меңгерушісі А.Кенжебекова семинарға қатысушылардың назарына «Төрелік» АЖ-ның сот ісін жүргізу бойынша нұсқаулығын зерделеуді ұсынды.

Бас маман Е.Жумабаев электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын  орындауға жолдау туралы баяндамасында негізгі түсініктер мен терминдер, сот актілерін орындауға жолдау, жобаны жасау, келісу және қол қою туралы мәселелерге кеңінен түсінік беріп, «Төрелік» ақпараттық жүйесінде атқару парақтарын кері қайтару функцияларының іске қосылғанын атап өтті.

Семинар соңында мамандар атқару құжаттарын қалыптастырумен байланысты мәселелерді талқылады.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі