Сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс медиация келісімімен бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотына азамат С. азамат Б.-дан қарыз сомасын, өсімпұлды, өкіл көмегіне жұмсалған шығындар мен сот шығындарын өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Істі қарау барысында тараптардан медиация рәсімін жүргізу туралы өтініш түскен.

Медиациялық келісім бойынша, азамат Б. 2017 жылдың 15 мамырына дейін азамат С.-дан қарыз сомасын қайтаруға міндетеніп, ал азамат С. өз кезегінде талап арыздан бас тартқан.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиация келісімі бекітіліп, азаматық іс өндірістен тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі