Сот төленбеген салықты өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының «Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі сотқа 2016 жылға мемлекет пайдасына көлік салығын төлемеген борышкерлерден қарыз сомасын өндіру туралы арызбен жүгінген.

Арызданушы өз талаптарында көрсеткендей, азаматша Н. 2016 жылға өзінің меншігіндегі Mersedes-Bens S 500 автөкөлігі үшін көлік салығы ретінде 262 083 теңге төлеуі тиіс болған, ал салық төлеуші М. Porsche Cayenne-S автокөлігі үшін 255 338 теңге берешек, салық төлеуші И. меншігіндегі Volkswagen Touareg автокөлігіне 258 810 теңге төлемегенін және азаматша И.-дың Lexus LX маркалы көлігі үшін 263 517 теңге мемлекет алдында салық қарызы болғанын көрсеткен.

Сотқа жүгіну алдында арызданушы борышкерлердің мекен-жайларына қарыз сомасын өтеу жөнінде ескерту жолдаған. Алайда, борышкерлер өз еріктерімен көлік салығын төлеуден жалтарған.

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты аталған борышкерлерден көлік салықтары ретінде мемлекет пайдасына жоғарыда көрсетілген сомаларды өндіру жөнінде сот актісін қабылдады.

Сот бұйрықтары мәжбүрлеп орындауға жолданды.

Көрсетілген ақпарат салық төлуешілерге уақытында салық төлеу міндеттерін ескертеді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі