Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Өзбекстан Республикасының 9 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Өзбекстан Республикасы азаматтары Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында уақытша тіркеліп, Сарыағаш қаласында тұрып жатқандығы анықталған, яғни Қазақстан Республикасына тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауының салдарынан құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушылар кінәсін толық мойындап, әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының 9 азаматы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әр қайсысы Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен шығару түріндеге әкімшілік жазаға тағайындалды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі