Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Төлеби аудандық сотында  «Төлеби аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімінің» инспекторы Б.С.-ға, Төлеби аудандық жер-кадастр бөлімінің маманы С.Ж.-ға және «Ленгір қаласының әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы П.Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен сотты құрметтемеушілік белгілері бойынша әкімшілік істерін қарады.

Сотта талап қоюшы Е.Т.-нің жауапкерлер «Төлеби аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі» ММ-не, Төлеби аудандық жер-кадастр бөліміне «Ленгір қаласының әкімі аппараты» ММ-не қатысты азаматтық ісін қарау бойынша сот отырысына жоғарыда көрсетілген процеске қатысушылар сот отырысының болатын орны мен уақытын біле тұра, ешқандай себепсіз екінші рет сот отырысына келмеуінің салдарынан сот отырысын кейінге қалдыруға, сотта аталған күнге тағайындалған істерді қарауға кедергі келтірді.   

Сот мәжілісінде құқықбұзушылар өз айыптарын толық мойындады. 

Сот оларды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оларға жеңілдетілген мән жайларды ескере отырып, ескерту  түрінде әкімшілік жаза тағайындады. 

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі