Сотта гендерлік теңдік бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шардара аудандық сотында «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың судьясы С.Ондыбаева, кеңсе меңгеруші С.Ибадуллаев пен сот қызметкерлері және аудандағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелде бас маман А.Жамантай баяндама жасады. Ол өз баяндамасында дәстүрлі дала мәдениетіндегі және қазіргі таңда қоғамдағы әйелдердің орны мен рөлін, жалпы гендерлік саясаттың ұғымын, гендерлiк саясат – бұл қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет екенін, гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына тең қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау туралы атап өтті. 

Іс-шара соңында  қатысушылар тарапынан әйелдердiң саяси құқықтарын жүзеге асыру шаралары  жөнiнде көптеген сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі