Спирттік ішімдіктің соңы жақсылыққа апармайды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра көлік құралын алкогольмен масаю күйінде басқарған 39 жастағы Шымкент қаласының А.Ш. деген  тұрғыны 10 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Анықталғандай, құқық бұзушы А.Ш. бұған дейін көлік құралдарын  басқару құқығынан 04.03.2013 жылдан 04.03.2015 жылға дейін айырылғандығына қарамастан, 05.02.2014 жылы шамамен 20 сағат 10 минутта Шымкент қаласының Р.Рысқұлов және Жібек Жолы көшелерінің қиылысында  автокөлігін алкагольмен масаю күйінде жүргізгені үшін ұсталған және айыбы сотта оның кінәсін толық мойындауымен қатар, іске тіркелген құқық бұзушының алкогольмен масаюы  жайлы дәрігерлік куәлендіру қорытындысымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен толық дәлелденген.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Шымкент  қаласының  мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі