Студенттердің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

12.04.2017 жылы Мақтаарал аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті. Іс шараға Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Қ.Дүйсебеков, соттың судьялары мен қызметкерлері, Жетісай қаласында орналасқан «Сырдария» университетінің ұстаздары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында төраға Қ.Дүйсебеков «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сот жүйесіндегі реформалар» тақырыбында баяндама жасап,  Ұлт жоспарының әр қадамы бойынша  атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, бүгінде олардың барлық 11 қадамының жүзеге асқанын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шарада аудандық соттың судьясы М.Жолдасбеков сотта айыптаушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету арқылы тергеу судьясының өкілеттіктері күшейтілгеніне кеңінен тоқталып, бүгінде ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілген сот төрелігі арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалып отырғаны туралы  сөз етті.

 "Ашық есік күні" соңында студенттерге сот жүйесі жайлы дайындалған бейнеөнімдер көрсетілумен қатар, оларға соттың іс-қағаздарын жаңа технологиялармен жүргізу тәртібі, «Сот кабинеті» сервисі, аудио-бейне тіркеу жүйесінің көмегімен сот отырысын жүргізу тәртібі және «Төрелік» бағдарламасының ерекшеліктері таныстырылды.

Өз кезегінде студенттер аудандық соттың ұжымына алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай іс-шараларды үнемі ұйымдастырып отыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Источник: 
Пресс-служба Южно-Казахстанского областного суда