Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған іс-шаралартуралы семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әл-Фараби аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас  жемқорлықтың алдын-алуға арналған іс шаралар» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда сот  төрағасы М.Бекназаров сыбайлас жемқорлық  ұлттық  қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіріп, тұрақтылықтың негізін бұзатындығын және жүргізіліп жатқан экономикалық, әлеуметтік реформаларға кедергі жасайтындығын айтты.

Сот мыңдаған адамдардың тағдыры шешілетін мемлекеттік институт болып табылады. Сондықтан әркім сот жүйесінің беделіне нұқсан келтіретін азаматтардың сенімін жоғалтатын  іс-әрекеттерді болдырмау тиіс.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтық  алдын-алу бойынша заң шығару нормалары талқыланды.

Семинарды қортындылай келе Әл-Фараби аудандық сотының  төрағасы М.Бекназаров судьяларға және  сот қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұлжытпай орындауды тапсырды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі