Тараптар судья медиатордың көмегімен медияциялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында талап қоюшы С.Ж.-ның жауапкерлер А.А.-мен К.А.-дан ортақ түрде 3 778 500 теңгені өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкерлер А.А. мен К.А. талап қоюшы С.Ж.-дан 3 778 500 теңгені қарызға алып, бір айдың көлемінде қайтарып беруге міндеттенген және ол туралы жазбаша қолхат берген.

Істі қарау барысында тараптар судья медиатор жүргізген сот медиациясы арқылы өзара келісімге келіп, жауапкерлер бір айдың ішінде талап қоюшыға 3 778 500 теңгені өз еріктерімен қайтаруға міндеттенді, ал талап қоюшы келісімнің талаптарымен келісіп, өзінің талабынан бас тартты.

Соттың ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі