Төле би аудандық соты 2017 жылдың І тоқсанында атқарған жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Төле би аудандық сотының төрағасы Б.Кәрім аудандық прокуратураның, құқық қорғау органдарының, Төле би аудандық заң кеңсесінің, аудан әкімдігінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарын қорытындылау бойынша брифинг өткізді.

Сот төрағасы бүгінгі таңдағы соттардың алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі сот төрелігінің сапасын жақсарту, заңдылықты сақтау және сот жұмысын одан әрі жетілдіру екендігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаның  енгізілгенін айтып, медиация тәртібімен сотқа дейінгі ретеуге жататын даулардың санаттарына тоқталды.

Кездесу барысында сот төрағасы есепті кезеңде сотта қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша мағлұмат беріп, қазіргі таңда барлық санаттағы істерге медиация қолданылып жатқанын түсіндірді.  

Татуластыру рәсімін қолданумен аяқталған азаматтық істердің саны көбейген. Егер, аталған мерзімде 20 іс медиация тәртібімен аяқталған болса, өткен жылғы салыстырмалы кезеңде бұл көрсеткіш 8-ді құраған.

Партисипативтік келісімдердің  қолданылуы  да белсенді жалғасуда.

Брифинг соңында сот төрағасы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар