Төлеби аудандық соты қызметкердің өрескел бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО Төлеби аудандық соты талапкер А.-ның жұмыстан шығару туралы бұйрықты бұзып, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыздан жұмыссыз жүрген күндеріне жалақы және өкілдің көмегін төлеу бойынша шығынын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер А. «Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгер қосалқы мектеп-интернаты» КММ-не тәрбиеші болып жұмысқа қабылданған.

18.04.2016 жылы жұмыс берушінің бастамасымен ҚР Еңбек Кодексінің 52-бабының 1-бөлімі 14-тармағына сәйке еңбек шарты бұзылған.

Талапкер өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген. Сот отырысы барысында, жауапкер Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінде көзделген жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу талаптары сақталмағандығы анықталды.

 Сот іс материалдарын толық және жан-жақты, объективті зерделеп, талап арызды ішінара қанағаттандыру туралы тұжырымға келді.

 Сот шешімімен жұмыстан шығару туралы бұйрық бұзылып, талапкер жұмыс орнына қайта орналастырылып, амалсыздан бос жүрген күндеріне 408072 теңге жалақы және өкілдің көмегін төлеу бойынша сот шығындары өндірілді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі